Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мен экономиканы дамыту және бюджеттік саясат жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
Сессия отырысына ауданның бөлім басшылары мен шақырылған тұлғалар қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы, ауданның мемлекеттік органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы, атқарушы органның аз қамтылған және көп балалы отбасылармен жұмысының жай-күйі туралы және аудан бойынша Жайылым жоспарын бекіту.
Ауданның тиісті қызмет басшылары тарапынан тиісті ақпараттар берілді.
Баяндамашылардың сөзінен кейін депутаттар жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға қатысты. Атап айтқанда, сайланған халық өкілдерін аудандағы кейбір ауылдық округтердегі жайылымдық жерлердің тапшылығы, шөптің қымбаттығы және мал азығын арзандату мәселесін пысықтау қажеттігі қызықтырды.
Басқарма басшысы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Отырыс барысында тиісті қаулылар қабылданып, тиісті ұсыныстар берілді.