2026 жылғы 7 сәуірде сағат 11:00-де аудандық мәслихатта Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс XL сессиясы шақырылады. Сессияның қарауына мына мәселелер енгізіледі:
- Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/3 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Шал ақын ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.