
2026 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихатта кезекті ХХХVIII сессия өтті.
Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Аудандық мәслихат төрағасының «Шал ақын ауданы мәслихатының 2025 жылғы қызметін ұйымдастыру туралы» есебі болды. Өз баяндамасында Қайрат Ақпанұлы қатысушыларды өткен кезеңдегі депутаттар қызметінің барлық аспектілерімен егжей-тегжейлі таныстырды.
Есепті кезеңде тұрақты комиссиялардың 11 сессиясы мен 11 отырысы өткізілді, онда әртүрлі мәселелер бойынша 120 шешім және 14 қаулы қабылданды. Шақырылу басталғаннан бері тұрақты комиссиялардың 37 сессиясы мен 36 отырысы өткізілді.
Мәслихат қабылдаған тұрақты комиссиялардың шешімдері мен қаулыларын бақылаудың тиімді тетіктерінің бірі атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау болып табылады. Мысалы, сессияларда аудан әкімінің есебі, аудан әкімдігінің бөлім басшыларының, Сергеевка қаласы, Арай ауылдық округі, Афанасьев, Городецк, Сухорабов, Приишим, Новопокров ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалды.
Мысалы, Приишим ауылдық округіне барған кезде Шортанды көлінің жанында орналасқан жоғары вольтты желінің жағдайы туралы мәселе көтерілді. Аталған округте облыстық жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді және мердігерлік ұйым көлдің жанындағы жол учаскесіне суағар орнатылды. Нәтижесінде жол төсемі айтарлықтай биіктікке көтерілді және болат электр желілері автомобиль көлігінің қозғалысына жақын орналасқан. Сонымен қатар, көлге балық аулау әуесқойлары келеді және электр желілерінің төмен орналасуы қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Депутаттар «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ атына жоғары анкерлік тіректерді орнату қажеттілігі туралы депутаттық сауал жолдады. Оны қарау нәтижелері бойынша электр желісі компаниясы бұл мәселені оң шешті.
Депутаттар аудандық бюджетті қалыптастыруға, бекітуге және оның орындалуын бақылауға көп көңіл бөледі. Осы мақсатта жыл сайын сессияда экономика және қаржы бөлімі басшысының есебі және облыстық тексеру комиссиясының өткен жылғы аудан бюджетінің атқарылу нәтижелері туралы аналитикалық есебі тыңдалып, кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар қабылданады.
Депутаттардың әрқайсысы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды. Есепті кезеңде депутаттарға 129 өтініш түсті. Көптеген өтініштер жедел шешіледі, кейбіреулері бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар беріледі.
Депутаттардың бақылауында айтарлықтай қаржылық шығындарды талап ететін мәселелер қалады: Ровное-Арай жолын жөндеу; Сергеевка қаласындағы Ы. Ибраев, Д. Шопанов, Котов көшелеріндегі жол төсемін жөндеу, Сухорабовка-Ольгинка көпірін жөндеу, Ұзынжар ауылының кентішілік жолдарын жөндеу.
Қорытындылай келе, Қайрат Ақпанұлы өкілді орган қызметінің тиімділігі сайлаушылармен жұмыс істеу, халықтың азаматтық белсенділігін білдіруге жәрдемдесу сияқты маңызды бағыттарды жан-жақты және толық іске асыруға
байланысты екенін атап өтті.
Екінші мәселемен депутаттар аудан әкімі аппаратының басшысы З.Ш. Итқұлованың «Шал ақын ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы туралы» баяндамасын қарады. Қабылданған шешімде депутаттар аудан әкімдігіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген өз құзыреті шегінде ауданның мемлекеттік органдарының тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды. Халық арасында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша, мүдделі ұйымдармен бірлесіп, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша мектеп оқушыларымен тақырыптық және әр түрлі іс-шаралар өткізу бойынша үнемі белсенді жұмыс жүзеге асырсын.
Депутаттар келесі мәселемен 2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне ұсынылған өзгерістерді бекітті. Сессия басталғанға дейін тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында бұл мәселе егжей-тегжейлі пысықталды. Депутаттар төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға (қапшықтар, мотопомпалар, дизель отынын сатып алуға), автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыруға қаражат бөлуді қолдады.
Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша да тиісті шешімдер қабылданды.