2026 жылғы 26 ақпанда сағат 11:00-де аудандық мәслихатта сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кезекті ХХХVІІІ сессиясы өтеді:
Сессияның қарауына:
- Шал ақын ауданы мәслихатының 2025 жылғы қызметін ұйымдастыру туралы есеп.
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Шал ақын ауданында іске асырылу барысы туралы.
- Шал ақын ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- «2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 36/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/3 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шал ақын ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.