Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының
шығып қалған сайлау комиссияларының орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 19 ақпанға дейін мәслихатқа мынадай құжат тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау Шал ақын ауданы мәслихатында 2026 жылғы 19 ақпанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, Шал ақын ауданы мәслихатында үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Аудандық мәслихаттың мекен-жайы: Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35, каб. 203.
Аудандық мәслихаттың төрағасы – Жанғожинов Қайрат Ақпанұлы.
Материалдарды жинауға жауапты: Ясеновская Галина Валерьевна, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, жұм. тел. 8(71534)2-06-75, факс: 8 (71534) 2-12-54 электрондық пошта мекенжайы: mas_sal@mail.ru.
Шал ақын ауданының мәслихаты
учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін бос орындарға сайлайды:
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос жұмыс орындарының саны |
|
1 |
531 |
Сергеевка қ., «К.Салықов ат. орта мектеп», Малдыбаев к., 11 |
1 |
|
2 |
533 |
Сергеевка қ., «Социалистік еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектеп», С.Мұқанов к., 30 |
1 |
|
3 |
535 |
Сергеевка қ., «Академик Е.А.Букетов атындағы мектеп-гимназия» КММ. Победа к., 25 |
3 |
|
4 |
540 |
Кривощеков а., «Орталықтандырылған клуб жүйесі» КҚКМ үй-жайында |
1 |
|
5 |
541 |
Алқаағаш а., «Алқаағаш негізгі мектебі» КММ |
1 |
|
6 |
543 |
Социал а., «Социал негізгі мектебі» КММ |
1 |
|
7 |
544 |
Новопокровка а., «Орталықтандырылған клуб жүйесі» КҚКМ үй-жайында. |
1 |
|
8 |
553 |
Двойники а., медициналық пункттің үй-жайында |
1 |
|
9 |
554 |
Крещенка а., «Крещенка орта мектебі» КММ |
1 |
|
10 |
556 |
Куприяновка а., «Куприянов негізгі мектебі» КММ |
1 |
|
11 |
561 |
Жалтыр а., «Жалтыр негізгі мектебі» КММ |
1 |
|
12 |
570 |
Кеңес а., «Кеңес орта мектебі» КММ |
1 |
|
13 |
671 |
Сергеевка қ., «Шал ақын ауданының балалар-жасөспірім спорт мектебі», Спортивная к., 1 «А». |
1 |