АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРЛЕСКЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРЛЕСКЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРЛЕСКЕН ТҰРАҚТЫ

КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

         2025 жылғы 17 сәуірде Сауран аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Комиссия отырысына Сауран ауданының прокуроры А.Асылбеков, Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаев, аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлімдердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері және ұялы байланыс операторларының өкілдері (келісімі бойынша) қатысты.

         Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

  1. 2025 жылға арналған «Қауіпсіз - Сауран» жобасын іске асыру іс-шаралар жоспары туралы;
  2. Сауран ауданы бойынша ұялы байланысты және Интернет желісін жақсарту шаралары туралы;
  3. «Сауран аудандық мансап орталығы» филиалының 2024 жылдың қорытындысымен атқарған жұмыстары және 2025 жылға жоспарлары туралы есебі;

         Баяндамалардың нәтижесі бойынша аудандық мәслихат депутаттары тарапынан тиісті сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар берілді.