АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Сауран аудандық мәслихаты төрағасының

18 наурыз 2025 жылғы №3

ШЕШІМІ

 

   Сегізінші шақырылымдағы

   Сауран аудандық мәслихатының

   кезекті отызыншы сессиясын

   шақыру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 27 наурызда сағат 11:00-де Сауран ауданы, Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы шақырылсын.

                                                                              

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  С.Байсбаев

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА

Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы 2025 жылғы 27 наурызда сағат 11:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (3-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу 27 наурызда сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. 2024 жылдың қорытындысымен Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы;
  2. Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
  3. Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
  4. Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
  5. Сауран ауданы бойынша денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы;
  6. Қарашық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
  7. Шаға ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
  8. Оранғай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
  9. Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
  10. «Тұран Су» ШЖҚ МКК-ның 2024 жылдың қорытындысымен атқарған жұмыстары және 2025 жылға жоспарлары туралы есебі;
  11. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  12. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  13. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  14. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                             С.Байсбаев