2025 жылғы 3 наурызда сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс 29-шы сессиясы өтті. Сессия жұмысына Сауран ауданының әкімі М.Таңғатаров, аудандық мәслихаттың төрағасы С.Байсбаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды:
1) Сауран ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;
2) Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №196 «2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметовтың баяндамалары тыңдалып, сессия қорытындысымен депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.
Сауран аудандық мәслихатының аппараты