АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен  аудан халқының назарына!

Сауран аудандық мәслихаты төрағасының

25 ақпан 2025 жылғы №2

ШЕШІМІ

 

   Сегізінші шақырылымдағы

   Сауран аудандық мәслихатының

   кезектен тыс жиырма тоғызыншы

 сессиясын шақыру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 3 наурызда сағат 16:00-де Сауран ауданы, Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы шақырылсын.

                                                                              

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  С.Байсбаев

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА

Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы 2025 жылғы 3 наурызда сағат 16:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (3-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу 3 наурызда сағат 15:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Сауран ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;
  2. Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №196 «2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.

 

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  С.Байсбаев