САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – cайлау туралы Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің комиссия құрамынан шығарылуына байланысты, олардың орнына үміткерлерді ұсыну жұмысының басталғандығы туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2023 жылғы 25 мамырынан бастап 9 маусымға дейін, Сауран аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
Өтініштің нысанын Сауран аудандық мәслихаты аппаратынан алуға болады. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның 19-бабының 2-1.тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс:
- сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
- сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір ұйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Барлық сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды 2023 жылдың 9 маусымына дейін дүйсенбі – жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Сауран аудандық мәслихаты
Байсбаев Сержан Ермекбаевич – Сауран аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, Алтынсарин көшесі №20 үй.
Жауапты: Сейтханов Махсат Мустапаевич – Сауран аудандық мәслихат аппаратының басшысы, ұялы тел: 87757808489, электрондық почта: m.seitkhanov@ontustik.gov.kz
Аумақтық сайлау комиссиясы |
||
№ |
Аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан мекен-жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
1. |
Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты, Алтынсарин көшесі №20 үй |
1 адам |
|
Барлығы: |
1 адам |
Округтік сайлау комиссиясы |
|||
№ |
Сайлау округінің нөмірі |
Округтік сайлау комиссиясы орналасқан мекен-жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
1. |
№9 |
Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек ауылы, Түркістан көшесі №102, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 адам |
|
|
Барлығы: |
1 адам |
Учаскелік сайлау комиссиясы |
|||
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Учаскелік сайлау комиссиясы орналасқан мекен-жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
1. |
№76 |
Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Шыпан ауылы, Байқоңыр көшесі №18, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шыпан жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
2 адам |
2. |
№77 |
Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Шекербұлақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №2, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қызыл жол жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
2 адам |
|
|
Барлығы: |
4 адам |