САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ

САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – cайлау туралы Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің комиссия құрамынан шығарылуына байланысты, олардың орнына үміткерлерді ұсыну жұмысының басталғандығы туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес округтік және учаскелік сайлау комиссиясын сайлайды.    

 Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 5 мамырынан бастап 19 мамырға дейін, Сауран аудандық мәслихатына мынадай  құжаттарды тапсырады:

  • Электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
  • Тиісті  сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі;
  • Саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші;
  • Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық және Наркологиялық ұйымнан анықтама.

Өтініштің нысанын Сауран аудандық мәслихаты аппаратынан алуға болады. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның 19-бабының 2-1.тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс:

- сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

- сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамы жартысынан астамы бір ұйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон  нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Барлық сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды 2026 жылдың 19 мамырына дейін дүйсенбі – жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.

          

Сауран аудандық мәслихаты

Байсбаев Сержан Ермекбаевич – Сауран аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі, 30 үй. 

Жауапты: Тасбулатов Азамат Адилбекұлы – Сауран аудандық мәслихаты аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы, ұялы тел: 87479904302, электрондық почта: a.tasbulatov@ontustik.gov.kz

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сайлау округінің нөмірі

Округтік сайлау комиссиясы орналасқан

мекен-жайы

Комиссия мүшелерінің саны

 

1.

№3

Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Теке ауылы, Д.Қонаев көшесі №40, «А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1 адам

 

2.

№13

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы, Шолпан көшесі №3, «№25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2 адам

 

 

 

Барлығы:

3 адам

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау учаскесінің нөмірі

Учаскелік сайлау комиссиясы орналасқан

мекен-жайы

Комиссия мүшелерінің саны

 

1.        

№68

Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл ауылы, Ж.Шаяхметов көшесі №168, «Ж.Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

2.        

№70

Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Теке ауылы, Д.Қонаев көшесі №40, «А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

3.        

№71

Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Нұртас ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №2, «Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2 адам

 

4.        

№72

Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов ауылы, Абай көшесі №23, «С.Қожанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

5.        

№73

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі, Қарашық ауылы, Қарашық көшесі №182, «Тұран жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

6.        

№74

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі, Қарашық ауылы, Мираим Қары көшесі №1, «Қарашық жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2 адам

 

7.        

№75

Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек ауылы, Түркістан көшесі №102, «А.Югнаки атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

8.        

№76

Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Шыпан ауылы, Байқоңыр көшесі №18, «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

9.        

№83

Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі, Ынталы ауылы, Д.Қонаев көшесі №42, «Әйтеке би жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2 адам

 

10.     

№88

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Шаға ауылы, Мектеп көшесі №7А, «В.Вахидов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

11.     

№89

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, Ш.Қалдаяқов көшесі №2, «Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

12.     

№90

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, Шымкент көшесі №3В, «Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып филиалы ғимараты

1 адам

 

13.     

№95

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Бершін Төбе ауылы, Ақын Тоған көшесі №27А, «Ө.Жәнібеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

14.     

№97

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы, Шолпан көшесі №3, «С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

15.     

№101

Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата ауылы, Ибадулла ата көшесі №10А, «Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

16.     

№897

Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Оранғай ауылы, Шымқорған көшесі №5А, «№3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

17.     

№898

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы, Шымкент көшесі №12А, «№1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1 адам

 

18.     

№950

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы, А.Қыдыралиев көшесі №29, «Мектеп Жаңа Иқан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

7 адам

 

 

 

Барлығы:

27 адам