АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен  аудан халқының назарына!

Сауран аудандық мәслихаты төрағасының

21 қараша 2025 жылғы №13

ШЕШІМІ

 

 

 

   Сегізінші шақырылымдағы

   Сауран аудандық мәслихатының

   кезектен тыс отыз жетінші сессиясын

   шақыру туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 26 қараша сағат 11:00-де Сауран ауданы, Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы шақырылсын.

                                                                              

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  С.Байсбаев

 

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА

Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2025 жылғы 26 қарашада сағат 11:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (3-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу 2025 жылғы 26 қараша сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. «Б» корпусы Сауран аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы;
  2. Сауран ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;
  3. Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №196 «2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №207 «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Түркістан облысының ономастикалық комиссиясының қарауына Сауран ауданы Иассы, Шаға ауылдық округтеріндегі атауы жоқ көшелерге атау беру және Ұлы Отан соғысы батырларының есімдерін беру үшін ұсыныстарды енгізу туралы;
  6. Сауран ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы;
  7. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  8. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  9. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  10. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  11. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.

 

 

Сауран аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  С.Байсбаев