Сауран аудандық мәслихаты төрағасының
9 шілде 2025 жылғы №10
ШЕШІМІ
Сегізінші шақырылымдағы
Сауран аудандық мәслихатының
кезектен тыс отыз төртінші
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 15 шілдеде сағат 11:00-де Сауран ауданы, Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы шақырылсын.
Сауран аудандық мәслихаты
төрағасының өкілеттігін
уақытша атқарушы Е.Елеуов
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА
Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы 2025 жылғы 15 шілдеде сағат 11:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (3-қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 15 шілдеде сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.
Сауран аудандық мәслихаты
төрағасының өкілеттігін
уақытша атқарушы Е.Елеуов