Сауран аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан босаған мүшелерінің орнына жаңадан құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Сауран аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан босаған мүшелерінің орнына жаңадан құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Сауран аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан босаған мүшелерінің орнына жаңадан құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан босаған мүшелерінің орнына жаңадан құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 21 шілдеге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.      

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 21 шілдеге дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сауран аудандық мәслихаты

 

Сауран аудандық мәслихатының төрағасы – Байсбаев Сержан Ермекбайұлы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекені, М.Темірбаев көшесі, 30 үй.

Жауапты адам – Сейтханов Мақсат Мұстапаұлы, Сауран аудандық мәслихаты аппаратының басшысы, ұялы телефоны – 87757808489, электрондық пошта – m.seitkhanov@ontustik.gov.kz

 

Сауран аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан босаған мүшелерінің орнына жаңадан құрамын сайлайды:

 

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің

(дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1.       

№67

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ» КММ

Шорнақ

Ы.Алтынсарин

№20

2

2.       

№69

«Т.Айтжанов атындағы ЖББМ» КММ

Аша

А.Байтұрсынов

№3

1

3.       

№72

«С.Қожанов атындағы шағын жинақты ЖББМ» КММ

С.Қожанов

Абай

№23

3

4.       

№73

«Тұран ЖББМ» КММ

Қарашық

Қарашық

№182

2

5.       

№74

«Қарашық ЖББМ» КММ

Қарашық

Мираим Қары

№1

2

6.       

№76

«М.Мәметова атындағы ЖББМ» КММ

Шыпан

Байқоңыр

№18

1

7.       

№81

«Абай атындағы ЖББМ» КММ

Абай

Абай

№65

1

8.       

№82

«Бабайқорған ЖББМ» КММ

Бабайқорған

Бабай батыр

№46

1

9.       

№84

«Қаражон шағын жинақты ЖББМ» КММ

Қаражон

Төрткөл

№17

3

10.   

№87

«Төле би атындағы ЖББМ» КММ

Еңбекші Дихан

Шобанақ

№30

1

11.   

№88

«В.Вахидов атындағы ЖББМ» КММ

Шаға

Мектеп

№7А

1

12.   

№92

«М.Әуезов атындағы ЖББМ» КММ

Оранғай

Мектеп

№4

4

13.   

№93

«Қос-Қорған ЖББМ» КММ

Қосқорған

Оранғай

№29

1

14.   

№94

«М.Қазыбеков атындағы ЖББМ» КММ

Бостандық

М.Қазыбеков

№77

1

15.   

№97

«С.Рахимов атындағы ЖББМ» КММ

Ескі Иқан

Шолпан

№3

2

16.   

№99

«№23 кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК

Ескі Иқан

Қ.Исмаилов

№3

2

17.   

№100

«Әл-Фараби атындағы ЖББМ» КММ

Ескі Иқан

Г.Бабажанов

№3

2

18.   

№897

«Оранғай ауылдық клубы» КММ

Оранғай

Мектеп

№5А

6

19.   

№943

«№2 ЖББМ» КММ

Қосмезгіл

Ш.Уалиханов

№172

1

 

Сауран аудандық мәслихаты