2025 жылғы 15–16 мамыр күндері Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары мен аппарат қызметкерлері БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылған семинарға қатысты. Іс-шара жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталды.
Семинар барысында жаңадан құрылған өңірлердегі теңсіздікті еңсеру жолдары, халық пен билік арасындағы сенімді нығайту мәселелері қарастырылып, жаңа Бюджет кодексі мен қоғамдық бақылау тетіктері таныстырылды.
Ұлытау облысының төрт өңірі – Сәтбаев, Қаражал, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қамтыған іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Бұл бастама жергілікті басқару мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.