8 мамырда қалалық мәслихатта депутаттар қаламыздағы Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектептің жылу мәселесіне байланысты арнайы жиын өткізді.
Жиынға қалалық білім бөлімінің басшысы Б. Ақышбеков қатысып, орын алып отырған жағдай бойынша түсініктеме берді.
Мектептердегі жылу жүйесінің техникалық ахуалы, қаржы бөліну сұрақтары талқыланды.
Депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар айтылып, білім беру саласының облыстық бюджеттен қаржыландырылатындығына байланысты мәселені шешу бойынша Ұлытау облыстық құзырлы мекемелерге сауал жолданады.