Қала аумақтарын жұмыс барысымен аралау

Қала аумақтарын жұмыс барысымен аралау

2025 жылғы 15 сәуірде қалалық мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов қала әкімінің орынбасары А.Сыздымановтың, депутат Ғ.Нұрпейісовтың, қоғамдық кеңес мүшесі А.Жүгінісовтың қатысуымен қалалық аумақтарды жұмыс барысымен аралады.

📌Делегация суық асфальт технологиясын пайдалану арқылы шұңқырларды жөндеу жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарының учаскелерін аралады. Жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығы және  қажетті материалдар мен арнайы техникамен қамтылғандығы  атап өтілді.

Аралау барысында қала тұрғындарының абаттандыру мәселелері бойынша өтініштері қаралды:

📌Тұрғындардың бастамасымен қалалық зираттарды күтіп-ұстау мәселесі қаралды. 2025 жылға зираттарға баратын жолдарды ағымдағы жөндеу және мұсылман зиратына қоршау орнату жоспарланып отыр.

📌Жауапты тұлғалар сонымен қатар депутат Ғ.Нұрпейісовтің бастамасы бойынша МЖК ауданында болды. Тұрғындар мен депутаттың талап-тілектеріне қарамастан үй маңында рұқсатсыз орнатылған қоршау мен пәтер иесінің терезесі алдындағы аумақтың ауыр жүк көлігіне тұрақ ретінде пайдаланылуы салдарынан ауланы абаттандыру жұмыстары көңілден шықпай тұр. Полиция өкілдерінің қатысуымен заңсыз қоршауды бұзу және көлікті айыптұраққа эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

📌Бұлқышев көшесінің тұрғындары балалар ойын алаңын абаттандыру мәселесін көтерді. Мәселе жан-жақты талқыланып, тұрғындарға аумақты өз күштерімен тегістеу жөнінде кеңес берілді.