Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 12-сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 12-сессиясы өтті

2024 жылдың 8 ақпанында мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов қалалық мәслихаттың кезектен тыс 12-сессиясын өткізді. Сессия отырысында күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды.

Депутаттар қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 24 шілдедегі № 566  «Сәтбаев қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешімімен айқындалған пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларының қашықтықтығын 100 метрден 800 метр өзгерту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар шешімге бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырылатындығы және жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салу жөнінде толықтырулар енгізді. Шешім Әділет органдарында ресми тіркелгеннен кейін оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Күн тәртібінің келесі мәселелері бойынша Сәтбаев қаласы әкімдігінің жанындағы 2024 жылға арналған жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы бекітілді  және қала әкімдігінің жеке құрамына әкім  аппаратының басшысы лауазымына жаңадан тағайындалған А.Х.Бекежанова енгізілді.