
Күн тәртібіне сәйкес депутаттар қала әкімінің лауазымына кандидатураны келісу мәселесін қарады. Облыс әкімінің ұсынысы негізінде депутаттар Кеңгірбай Қоңырұлы Смағұловтың Сәтбаев қаласының әкімі лауазымына тағайындалуына келісім берді. Сондай-ақ сессия барысында қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою және қала әкімдігінің дербес құрамын келісу мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.