Қалалық мәслихат депутаттары Сәтбаев қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жұмыс сапарымен барды

Қалалық мәслихат депутаттары Сәтбаев қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жұмыс сапарымен барды

 Жаңа өрт сөндіру бөлімі ағымдағы жылдың сәуір айында пайдалануға берілген. Жұмыс сапары барысында депутаттар бөлімшенің материалдық-техникалық базасымен, өрт сөндірушілердің қызметтік жағдайымен және техникалардың дайындығымен танысты. Заманауи талаптарға сай жабдықталған бөлімшеде жұмыс және оқу бөлмелері, диспетчерлік пункт, өрт сөндіру техникаларына арналған бокстар, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, сондай-ақ жеке құрамды даярлауға арналған арнайы оқу-жаттығу аймақтары қарастырылған. Депутаттар жаңа бөлімшенің жұмысы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, құтқару қызметінің тиімділігін арттыруға және шұғыл көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.