Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 39-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 20 тамызда сағат 15:00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Сәтбаев қаласының 2036 жылға дейінгі стратегиялық дамыту бағдарламасын бекіту туралы.
- Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 244 «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Сәтбаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 25 мамырдағы № 280 «Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
- Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов