
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының орындалуын бақылау мақсатында депутаттар жылу энергетикалық кәсіпорнына кезекті рет барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен және көлемімен танысты. Кәсіпорын техникалық инженері С.М. Қожабаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта қазандық агрегаттарының сыртқы бөлігін тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар белкітілген кестеден озық орындалуда. 25 тамызға бірінші қазандық агрегатына гидравликалық сынақ жүргізу жоспарланған. Тамыз айының соңына дейін үш қазандық агрегатын толық дайындыққа келтіру көзделіп отыр. Сонымен қатар отын-көлік цехында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда көмір қоры 122 775 тоннаны құрайды. Бұл кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті отын қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарының толық циклін 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Депутаттар тарапынан жылыту маусымына дайындық жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуі тұрақты бақылауда болады.