Әлеуметтік нысандарда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысына депутаттық бақылау жүргізілді

Әлеуметтік нысандарда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысына депутаттық бақылау жүргізілді

Қалалық мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов, депутаттар Ғ.Нұрпейсов, Г.Жаппасова және Ш.Жанғаскинова қаламыздағы әлеуметтік нысандарда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысына  бақылау жүргізді. Облыстық фтизиопульмонология орталығында бекітілген жаңғырту жоспарына сәйкес үш кезеңді күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. «КазЕвроСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы құрылыс-монтаждау жұмыстарының негізгі кезеңдерін аяқтап, қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Одан кейін мониторингтік топ №7 жалпы білім беретін мектеп аумағында Ұлытау облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша салынып жатқан жаңа заманауи спорт залының құрылысымен танысты. «Өркен» ЖШС мердігерлік ұйымы қазіргі таңда екі қабатты ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Нысанды пайдалануға беру келісімшартқа сәйкес ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған. Депутаттық бақылау барысында құрылыс жұмыстарының қарқыны, орындалу сапасы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы мәселелері жан-жақты талқыланды.