Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 38-сессиясын шақыру туралы

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 38-сессиясын шақыру туралы

 

VІІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

 төрағасының шешімі

 

                         Сәтбаев қаласы                                                                  2026 жылғы «24» шілде

 

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 38-сессиясын шақыру туралы

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы 2026 жылғы «31» шілде  сағат 15:00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 20 тамыздағы XXVIII сессиясының «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» № 349 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. «Сәтбаев қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 мамырдағы XIII сессиясының № 110 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов