Қалалық мәслихат депутаттары балалар ойын алаңдарының орнатылуына депутаттық бақылау жүргізді

Қалалық мәслихат депутаттары балалар ойын алаңдарының орнатылуына депутаттық бақылау жүргізді

Қалалық мәслихат депутаттары балалар ойын алаңдарының орнатылуына депутаттық бақылау жүргізді. Бақылау барысында ойын алаңдарының қауіпсіздігі басты назарға алынды. Балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында ойын құрылғыларының сапасына, жарақаттанудан қорғайтын тартан жабындысының талапқа сай төселуіне, аумақтың жарықтандырылуына және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше мән берілді. Анықталған ұсыныстар мен ескертулер мердігер ұйым мен жауапты бөлім өкілдеріне жеткізіліп, орындалуы бақылауға алынды. Жалпы биыл қаламызда жаңадан 10 балалар ойын алаңы орнатылуда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, мүмкіндігі шектеулі балалар тұратын мекенжайлар ескеріліп, арнайы ойын элементтерін орнату және алаңдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету қарастырылған.