«Жасыл ел» бағдарламасының орындалу барысы қаралды

«Жасыл ел» бағдарламасының орындалу барысы қаралды

Қалалық мәслихаттың төрағасы Қ.Балмағамбетовтың қала әкімінің орынбасары Д.Мұқанның қатысуымен өткен кезекті отырысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл ел» бағдарламасының орындалу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі А.Байбуланова баяндама жасап, бағдарламаның іске асырылу кезеңдері мен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Биыл бағдарламаға қатысу үшін 175 өтінім қабылданып, іріктеу нәтижесінде 168 жас еңбек жасағының құрамында еңбек етуде. Қатысушылар қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу және қоғамдық орындарды күтіп ұстау жұмыстарына тартылған. Депутаттар баяндаманы тыңдап, бағдарламаның орындалу барысын, бюджет қаражатының игерілуін және жастарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмысты талқылады. Қарау қорытындысы бойынша депутаттар бағдарламаны одан әрі сапалы іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, ұсыныстарын білдірді.