Қаламызда жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстарына депутаттық бақылау жалғасуда

Қаламызда жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстарына депутаттық бақылау жалғасуда

Депутаттар Шаталюк көшесінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Бас мердігер – ПРК «Дорожник» мекемесі. Қазіргі таңда жол жабынын фрезалау жұмыстары және жолдың беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті технологиялық жұмыстар жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, жақын күндері битум құйылып, асфальттың бірінші қабаты төселеді. Мердігер ұйым атқарылған жұмыстарға төрт жылдық кепілдік береді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген Абай көшесіне асфальттың екінші қабатын төсеу мәселесіне қатысты түсініктеме берілді. Жол бөлімінің басшысы Т.Жамауовтың мәліметінше, бірінші қабаттың сапасына жүргізілген сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана келесі кезеңдегі жұмыстар басталады. Қаладағы жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар депутаттық бақылауда болады.