Жұмыс сапары барысында кәсіпорын өкілдері депутаттарға жүргізіліп жатқан жөндеу және жаңғырту жұмыстары туралы ақпарат берді. Қазіргі уақытта кәсіпорын өткен жылу беру маусымында анықталған ақаулы учаскелерде шаруашылық тәсілмен жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар мердігер ұйым – «КазПерСтрой» ЖШС тарапынан құбырларды ауыстыру және газ бұрғыш құрылғысын орнату жұмыстары атқарылуда. Депутаттар атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына, белгіленген кестеге сәйкес орындалуына және жылу беру маусымына дайындық деңгейіне ерекше назар аударды. Өз кезегінде жауапты мамандар барлық жұмыстардың жоспарланған мерзімде аяқталатынын және тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың қабылданып жатқанын жеткізді. Депутаттық бақылау аясында қаладағы коммуналдық инфрақұрылым нысандарын дайындау жұмыстары тұрақты түрде бақылауда болады.