Сәтбаев қалалық мәслихатының 37-сессиясы өтті

Сәтбаев қалалық мәслихатының 37-сессиясы өтті

Сессияда күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша  2025 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп бекітілді. Одан әрі депутаттар   қаладағы жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау жұмыстарының орындалу барысы туралы мәселені талқылап, тиісті шешім қабылдады. Одан әрі экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі тыңдалды. Күн тәртібінде сонымен қатар Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2027–2031 жылдарға арналған жоспар  бекітілді. Сессия жұмысына қатысып отырған қала әкімі М.Бөрібаев қала дамуының өзекті мәселелері бойынша ағымдағы жоспарлармен бөлісті.