
Депутаттар қала әкімдігінің «2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін және Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының қорытындысын тыңдады. Отырыс барысында бюджеттік бағдарламар әкімшілерінің қатысуымен қалалық бюджеттің орындалуының негізгі көрсеткіштері мен бюджет қаражатының тиімді игерілу, бюджетті жоспарлау және орындау тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды. Қаралған мәселе бойынша баяндамашылар «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Симанов және Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Е.Ибикенов депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Қалалық мәслихаттың бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Қ.Рахметов депутаттық комиссияның қорытындысымен сөз сөйледі. Қорытындысында қала әкімдігінің «2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін және Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының қорытындысын сессияның қарауына енгізу туралы қаулы қабылданды.