Қалалық мәслихат депутаттары Абай көшесінде басталған жөндеу жұмыстары барысымен танысты

Қалалық мәслихат депутаттары Абай көшесінде басталған жөндеу жұмыстары барысымен танысты

Биыл қаламыздың 25 көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстары жоспарланған.  25 мамырда қалалық мәслихат депутаттары Абай көшесінде басталған жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Қазіргі таңда «Blackmaster» ЖШС мердігер ұйымымен асфальтты фрезалау жұмыстары басталған. Рейд барысына Сәтбаев қаласын әкімінің орынбасары А.Сыздыманов және автокөлік және жолдар бөлімінің басшысы Т.Жамауов жұмыстар бойынша түсініктеме беріп, мердігер ұйымнан келісім шарттың сапалы орындалуы талап етілетіндігін жеткізді. Депутаттар тарапынан мердігер ұйымға жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде атқарылуы, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының толық сақталуы жөнінде ұсыныстар берілді. Депутаттық бақылау алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.