Ұлытау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы сессиясы шешімінің орындалу барысын бақылау мақсатында қалалық мәслихат төрағасының өкімімен кұрылған облыстық және қалалық мәслихат депутатары және жауапты мамандар құрамындағы топ Сәтбаев қаласындағы бірқатар спорт объектілері мен балалар және спорт алаңдарының жай-күйін тексерді. Қалада ірі спорттық-сауықтыру кешенінен басқа барлығы 105 ашық спорт алаңы бар (футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, спорттық тренажерлар, стритворкаут). Анықталғандай, кейбір нысандар тұрақты бақылауды және техникалық күтімді қажет етеді. «Жастар» стадионына күрделі жөндеу қажет. Биылғы жылы дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанында спортты дамыту орталығы ашылып, бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қолға алынған. Депутаттар сонымен қатар ағымдағы жылдың наурыз айында Ерден көшесінің бойында құрылысы басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені нысанындағы жұмыс барысымен танысты, нысан 2027 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі.