
Жоба бойынша аумақты абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қаламыз үшін жаңа жоба аясында шаһар кірберісінен бастап жанармай бекетіне дейінгі аумаққа жалпы саны 1 484 түп қарағаш, ақ терек, шаған, айлант және платан ағаштары отырғызылып, заманауи суару жүйесі орнатылады. Мердігер ұйым қажетті техника мен жұмыс күшін жұмылдырып, ағаш отырғызуды бастады, суару жүйесін орнату жұмыстары таяу күндері басталады. 1 сәуір күні қалалық мәслихат депутаттары атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына бақылау жүргізу мақсатында нысан басына барып, жобаға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Жалпы жоба мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама негізінде іске асырылуда. Ағаш отырғызу бойынша агротехникалық талаптар кәсіби маманның басшылғымен орындалуда.