Депутаттар жаңа Ата Заң аясында елімізде болатын өзгерістерді талқылады

Депутаттар жаңа Ата Заң аясында елімізде болатын өзгерістерді талқылады

17 наурыз күні Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Конституцияға және жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы Жарлыққа қол қойды. Мәслихат төрағасы Қ.М.Балмағамбетов қалалық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері арасында өткізген отырыста қатысушылар жаңа Ата Заң аясында елімізде болатын өзгерістер туралы ойларын бөлісті. Қабылданған Конституция – заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат. Бұл тарихи шешім еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне жаңа серпін беріп, әділетті әрі дамыған қоғам құру жолындағы маңызды қадам болды деп түйіндеді мәслихат төрағасы.