Ұлытау облыстық мәслихатының уақытша жұмыс тобының бақылауы

Ұлытау облыстық мәслихатының уақытша жұмыс тобының бақылауы

2 наурызда Ұлытау облыстық мәслихатының «Ұлытау облысындағы спорт саласының жалпы жай-күйі және 2025 жылы атқарылған жұмыс нәтижелері мен 2026 жылға жоспарланған жұмыстары туралы» мәселесін кезекті сессияға дайындау жөніндегі уақытша жұмыс тобы Сәтбаев қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жай-күйімен танысты. Жұмыс барысында мекеме басшысы Н.Сағымбаев спорттық нысандардың жай-күйімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша спорт нысанының инфрақұрылымын жетілдіру, кезең-кезеңімен жаңарту және жас спортшыларға қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар сұрақтар талықланып, жұмыс тобының анықтамасына енгізілді.