
Қала тұрғындарын қолжетімді және сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселесін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қарау аясында депутаттар және Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Р.С.Құсайнова құрамындағы уақытша жұмыс тобы 27 ақпанда қаланың емделу мекемелерін аралады. Депутаттардың назарында медициналық қызметтердің жай-күйі және олардың сапасын арттыру шаралары болды. Қалалық емханада депутаттар материалдық-техникалық жабдықталумен, сондай-ақ балалар скринингі кабинеті мен 2025 жылы ашылған Даму және ерте араласу орталығының жұмысымен танысты. Қалалық аурухана директоры медициналық техникамен жабдықталу деңгейі және жоғары технологиялық емдеу әдістерін енгізу туралы ақпарат берді. Ауруханада ағымдағы жылы лапароскопиялық қондырғыны қолдану арқылы операция жасалды, бұл сапалы хирургиялық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтті. Сонымен қатар қалалық емхана мен қалалық аурухананы болашақ біріктіру мүмкіндігі, оның ішінде ұйымдастырушылық, кадрлық және инфрақұрылымдық аспектілер, сондай-ақ бұл өзгерістің халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына ықпалы қарастырылды. Проблемалық мәселелер депутаттық топтың қорытынды анықтамасында жинақталады.