19-20 ақпанда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және кезектен тыс 32-сессиясының отырыстары болып өтті

19-20 ақпанда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және кезектен тыс 32-сессиясының отырыстары болып өтті

Мәслихат төрағасы Қайрат Балмағамбетовтың басшылығымен жергілікті өкілді орган депутаттары бірқатар мәселелерді қарастырып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдады:
1.Сәтбаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2.«Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы 38 сессиясының № 257 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3.«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 11 сессиясының № 87 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4.Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту туралы.
5.«Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы 3-сессиясының № 32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия отырысына Сәтбаев қаласының әкімі М.Бөрібаев, әкімнің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, қоғамдық Кеңес төрағасы Қ.Қ.Смайлов қатысты.