«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 4 ақпаннан 2026 жылғы 18 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev?lang=ru.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 18 ақпанға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.
Сәтбаев қалалық мәслихаты
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.
Қалалық мәслихаттың төрағасы – Балмағамбетов Қайрат Маратұлы.
Материалдарды жинауға жауапты: Қожахметова Баян Ерланқызы, қалалық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: maslihat.satpaev@mail.ru
Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
Округтік сайлау комиссиясы:
|
№ п/п |
Сайлау округінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
|
1. |
№ 11
|
Сәтбаев қ., Қ.Сәтбаев даңғылы, 139, «Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты |
1 |
Учаскелік сайлау комиссиялары:
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
|
1. |
№35 |
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№5 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
2. |
№37 |
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№14 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
3. |
№41 |
Ұлытау облысының білім басқармасының "Сәтбаев индустриалдық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
4. |
№45 |
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
5. |
№47 |
"Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамытубөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
1 |
|
6. |
№48 |
"Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамытубөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
1 |
|
7. |
№49 |
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№ 25 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
8. |
№56 |
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№ 16 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
9. |
№58 |
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "Қаныш Сәтбаев атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
10. |
№62 |
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
1 |
Сәтбаев қалалық мәслихатының
төрағасы Қ.Балмагамбетов