Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Т. Медебаевпен кездесу

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Т. Медебаевпен кездесу

Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары 5 қаңтар күні Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Т. Медебаевтың мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерімен өткізілген кездесуіне қатысты. Кездесу барысында Парламент депутаты жоғары өкілді органның заңшығарушылық қызметі, қабылданып жатқан заңдардың ел дамуына тигізер әсері және өңірлерді дамытуға бағытталған бастамалар туралы баяндады. Өз кезегінде мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, халықтың әл-ауқатын арттыру және өзге де өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу конструктивті диалог форматында өтіп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылды.