Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті 31 сессиясы өтті

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті 31 сессиясы өтті

Бүгін Қ.М.Балмағамбетовтың төрағалығымен тікелей эфирде Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті 31 сессиясы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес депутаттар алдымен «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» мәселені қарады. «Сәтбаев қаласының қаржы және экономика бөлімі» ММ басшысы С.Симанов 2026 жылға арналған қалалық бюджеттің негізгі көрсеткіштерінің параметрлері туралы баяндады.
Депутаттық топтың қорытындысымен сөз алған тұрақты комиссия төрағасы Ш.С.Жанғаскинова келер жылдың бюджетінде қаланы сәулеттендіруге және автомобиль жолдарын жөндеуге көлемді қаржы қарастырылғандығын атап өтті. Келесі мәселемен Сәтбаев қаласының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді.
Сессияда «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы жөніндегі» мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы А.Қ.Құрақбай баяндама жасады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Е.Б.Балмұқан депуататтық анықтамамен сөз алып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, діни сауаттылығын арттыру бағыттарында уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Сессияда сондай-ақ қалалық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріні күші жойылып, кезекті сессияның редакциялық комиссиясының құрамы сайланды.
Сессия соңында қала әкімі М.Е.Бурибаев 2025 жыл нәтижелерін қорытындылап, келер жылы атқарылатын жұмыс жоспарына шолу жасады.