
«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы» мәселені сессия отырысына қарауға әзірлеу аясында 19 желтоқсанда депутаттар жастар ресурстық орталығында болды. Кездесу барысында мекеменің негізгі қызмет бағыттарымен танысып, жастарға арналған бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ, жастарды қолдау, олардың бастамаларын дамыту және өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша ұсыныстар енгізілді.