
11 желтоқсанда қалалық мәслихат төрағасы К.М.Балмағамбетов пен депутат А.Т.Мулақов қала әкімінің орынбасары А.С.Сыздыманов, құрылыс бөлімінің басшысы Н.С.Суттібаева және мердігер ұйымдардың өкілдерімен бірге мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтарға арналған несиелік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс нысандарын аралады. Атап айтқанда, Абай Құнанбаев көшесіндегі 3/1 және 3/2 мекенжайларында орналасқан 5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы тексерілді. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, коммуникациялар жүргізілді, аумақ абаттандырылды. Жоспар бойынша үйлер желтоқсан айының соңына дейін пайдалануға берілмек. Депутаттар қалған жұмыстарды сапалы аяқтау бойынша бірқатар ұсыныстарын білдірді.