Қалалық мәслихаттың 31-сессиясын шақыру туралы

Қалалық мәслихаттың 31-сессиясын шақыру туралы

VІІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

 төрағасының шешімі

 

                        Сәтбаев қаласы                                                               2025 жылғы 8 желтоқсан

 

Қалалық мәслихаттың 31-сессиясын шақыру туралы

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы 2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. 2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.
  2. «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы.
  3. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 105 «Сәтбаев қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  4. Әртүрлі.

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                    Қ. Балмағамбетов