Қалалық мәслихат депутаттары дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесінің дайындығы мен өткізілу барысына бақылау жүргізді

Қалалық мәслихат депутаттары дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесінің дайындығы мен өткізілу барысына бақылау жүргізді

Қаламыздағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әр сенбі сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесінің дайындығы мен өткізілу барысына қалалық мәслихат депутаттары «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ мамандарымен бірге бақылау жүргізді.  Жәрмеңкеде қала тұрғындарына қолжетімді бағамен ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек ұсынылады. Депутаттар өнімдердің сапасы, бағасы, таразылау тәртібі, сауда орындарының санитарлық талаптарға сәйкестігі және жергілікті тауар өндірушілердің қатысу деңгейіне ерекше назар аударды. Тексеру барысында сауда ұйымдастырушылары мен кәсіпкерлерге жәрмеңкенің тиімділігін арттыру, өнім түрлерін көбейту, тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге, тұрақты түрде өтетін жәрмеңкелер арқылы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және халықтың әлеуметтік жүктемесін азайтуға мүмкіндік бар екені атап өтілді. Қалалық мәслихат депутаттары әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыратын болады.