
3–4 желтоқсан күндері қалалық мәслихат депутаттар мемлекеттік мекемелердің 2026 жылға арналған бюджет жобаларын алдын ала қарады. Депутаттар коммуналдық, әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша ұсынылған жобаларды бірқатар ұсыныстар енгізіп, жобалардың тиімділігін арттыруға бағытталған ой-пікірлерін ортаға салды. Кейбір бөлімдер бойынша қосымша нақтылауды қажет ететін тұстар анықталып, тиісті мекемелерге алдағы тұрақты комиссия отырысына дейін пысықтауға тапсырылды. Бұл жұмыс бюджет қаражатын жоспарлау кезінде ашықтықты, тиімділікті және нәтижелілікті қамтамасыз етуге бағытталған.