Қ.Балмағамбетовтың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы болып өтті

Қ.Балмағамбетовтың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы болып өтті

Қалалық мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетовтың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы болып өтті. Сессияда күн тәртібі бойынша 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Симановтың баяндамасы тыңдалып, тиісті шешім қабылданды. Сессия жұмысына қала әкімі М.Бурибаев, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.