Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті

27 қарашада қала әкімдігінде тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау болды. Аталған мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Симанов баяндама жасап, қала бюджетін нақтылау қажеттілігіне әсер еткен факторлар мен жоспарланып отырған басым бағыттарды егжей-тегжейлі түсіндірді. Отырысқа қатысқан қала әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекеме басшылары депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, өз салалары бойынша жоспарланған өзгерістердің мән-жайын баяндады және қалалық бағдарламалардың орындалуына қатысты қосымша түсініктемелер ұсынды. Депутаттар қаражатты тиімді пайдалану және алдағы кезеңге қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Шешім жобасы мақұлданып, оны қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы қабылданды.