Сәтбаев қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлерін төмендету мәселесі қаралды

Сәтбаев қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлерін төмендету мәселесі қаралды

25 қарашада Қ.Балмағамбетовтың төрағалығымен Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы және қалалық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясы өтті. Кезектен тыс сессияның күн тәртібінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлерін төмендету мәселесі қаралды. Шешім жобасын әзірлеуші орган «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің басшысы Т.Балықбайдың баяндамасы тындалғаннан кейін Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының м.а М.Исаева ұсынылған өзгерістердің негіздемесі бойынша түсініктемелер берді. Шешім Сәтбаев қаласының шағын және орта бизнес субъектілеріне қолайлы жағдай жасауға, олардың жүктемесін жеңілдетуге және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Отырысқа Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Смайлов ,Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.Сыздыманов, «Атамекен» ҰҚП Сәтбаев қалалық филиалы басшысы Б.Таймағамбетов қатысты.