Қаламыздың Тәуелсіздік даңғылы бойында жаңа «Оқушылар» аллеясы салынуда. 11 қазанда қалалық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері аллеяны абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосып, ағаш отырғызу акциясына қатысты. Бұл аллея білім мен жас ұрпаққа деген құрметтің белгісі ретінде бой көтеріп, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналмақ.