Баспасөз туры барысында қатысушылар «Kazakhmys Distribution» ЖШС-нің жылу энергетикасы кәсіпорындарының нысандарын аралап, 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру барысымен танысты. Жылу станцияларын 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына әзірлеу жұмыстары жоспарға сәйкес аяқталған. Маусым басталғанға дейін бу және су қазандықтарына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, құбырлар ауыстырылды және жаңа механикалық сүзгілер орнатылды. Күл шығарындыларын азайту мақсатында тазарту құрылғылары жөнделіп, эмульгаторлар орнатылды. №4 қазандықты жаңғырту жұмыстары 20 қазанға дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.